Дизайн әзірлеу
Біз дизайн әзірлеумен, бірегей логотиптер мен креативті сайттар жасаумен айналысамыз. Брендіңіз оның мәні мен құндылықтарын көрсететін қайталанбас келбетке ие болады. Стильді бизнесіңіздің барлық элементіне дәйекті әрі біркелкі енгізу үшін брендбук әзірлеуді де ұсынамыз. Бізді таңдаңыз: брендіңіз кәсібилігімен және талғампаздығымен клиенттерді тартып, нарықта айқын ерекшеленеді.
Біздің жобалар
«Бирюза» девелоперлік компаниясы
Атқарылған жұмыс: Компанияның фирмалық стиліне сай, үш тілді қолдайтын және мобильді құрылғыларға бейімделген корпоративтік сайт әзірледік.
Әзірлеу мерзімі: 18 күн
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға арналған шешімдер
Атқарылған жұмыс: Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың жақындары арбалардан бастап көтергіштерге дейін қажетті жабдықты оңай тауып, бірден кеңес ала алатын ыңғайлы интернет-дүкен жасадық.
Әзірлеу мерзімі: 15 күн
Кез келген қажеттілікке арналған тек сертификатталған металл прокаты
Атқарылған жұмыс: Премиум дизайн әзірледік. Excel файлынан тауарларды жаппай жүктеуді баптадық. Іске қосылғаннан кейінгі алғашқы 3 айда сайттан түскен өтінімдер саны 35%-ға өсті.
Әзірлеу мерзімі: 24 күн
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ақпараттық сайты
Атқарылған жұмыс: Сайт дизайны, ақпараттық сайт әзірлеу, бірнеше тілді қолдау
Әзірлеу мерзімі: 20 күн
Отандық «Астана» футбол клубына жанкүйер болып, спортқа жақындай түсіңіз!
Атқарылған жұмыс: Клубтың қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық порталын әзірледік: жаңалықтар легі, негізгі құрамнан жастар құрамаларына дейінгі барлық командалардың құрамы, матчтар кестесі және турнирлік кестелер.
Әзірлеу мерзімі: 30 күн
Sensata — баршаға арналған жайлы әрі сапалы баспана!
Атқарылған жұмыс: Фирмалық стильдегі жеке дизайн, тұрғын үй кешендері мен пәтер жоспарларын ыңғайлы көрсету, сайттың бірнеше тілді қолдауы. Сайт жылдамдығын 40%-ға арттыру.
Әзірлеу мерзімі: 18 күн
Заманауи білім мен ғылымды ұштастырған Қазақ агротехникалық университеті
Атқарылған жұмыс: Университеттің ақпараттық порталы: талапкерлер мен студенттерге арналған бөлімдер, білім беру бағдарламалары, жаңалықтар, кестелер және онлайн-сервистер.
Әзірлеу мерзімі: 25 күн
Қазақстандағы тұрғын үй кешендерін салушы компанияның сайты
Атқарылған жұмыс: Астана мен Шымкенттегі тұрғын үй кешендерінің қала, бөлме саны және тұрғын үй класы бойынша сүзгісі бар каталогы және ипотекалық калькулятор. Сайтты оңтайландырып, Google мен Yandex іздеу нәтижелеріндегі жоғары орындарға шығардық.
Әзірлеу мерзімі: 15 күн
Клиенттеріміздің бейнепікірлері
Негізгі құзыреттеріміз
Бұл — компанияларға өз тауарлары мен қызметтерін интернетте ілгерілетуге мүмкіндік беретін қуатты құрал. Оған іздеу жүйелеріндегі, контекстік, әлеуметтік желілердегі, баннерлік жарнама және басқа да тәсілдер кіреді.
Біздің цифрлық агенттіктің дизайнерлері бизнесіңізді сөзсіз-ақ танытатын әсерлі композициялар жасап, өзара үйлесімді түстерді таңдайды.
Біз компанияларға клиенттер тартуға, танымалдылығын арттыруға және процестерін автоматтандыруға көмектесетін веб-сайттар әзірлейміз. Дизайнға, функционалдық мүмкіндіктерге, жылдамдыққа және пайдалану ыңғайлылығына ерекше көңіл бөлеміз.
Кәсіби маркетологтардан құралған командамыз SMM-стратегияны әзірлеуге, контекстік жарнаманы іске қосуға және SEO-оңтайландыруға сауатты әрі кешенді түрде кірісіп, өніміңізді кең аудиторияға танытады.
Біз талаптарыңызға сай келетін әрі пайдаланушылардың назарын аударатын жоғары сапалы мобильді қосымшалар жасауға маманданамыз.
Бұл — компаниядағы сатуды, байланыс пен ішкі процестерді автоматтандыру үшін Битрикс24 CRM жүйесін бизнес міндеттеріне сай баптау және бейімдеу процесі. Оған сату кезеңдерін, тапсырмаларды, мәмілелерді, телефонияны, интеграцияларды, қол жеткізу құқықтарын және команданың тиімді жұмысына қажетті басқа да құралдарды баптау кіреді.
Instagram-дағы таргеттелген жарнама — жарнаманы тек мақсатты аудиторияңызға көрсету арқылы клиенттер тартудың қуатты тәсілі. Қызығушылықтар мен орналасқан жер бойынша баптау барынша жоғары нәтиже алуға және сатуды арттыруға мүмкіндік береді!
Бизнесіңізді оған қызығушылық танытатын адамдарға көрсету үшін ілгерілетудің сыналған құралдарын қолданамыз. Креативті шешімдер жұмыстың алғашқы айынан бастап нәтиже береді.
Сайтқа техникалық қолдау көрсету — жобаңыздың жұмысына күн сайын алаңдамау: біз оның жұмысын, жаңартуларын және қауіпсіздігін қадағалаймыз, қателерді жедел түзетіп, өзгерістер енгізуге көмектесеміз. Сайтыңыз тұрақты жұмыс істеп, тез жүктеледі және ең қажет сәтте істен шықпайды. Ал сіз техникалық мәселелерге емес, бизнесіңізге көңіл бөлесіз.
Бұл — пайдаланушылардың іздеу сұрауларына, қызығушылықтары мен әрекеттеріне қарай іздеу жүйелерінде және серіктес сайттарда жарнама көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді интернет-маркетинг құралы. Оған іздеу жарнамасы, медиалық жарнама, ремаркетинг және тауарлық жарнамалар кіреді.